Жұмысқа қабылдау

22-26 қараша аралығында Челябі облысының Миасс қ. «Инженерлік дизайн CAD» құзыреттілігі  бойынша «Жас кәсіпқойлар» (WorldSkills Russia-2021) IX ашық өңірлік чемпионаты өтті, оған Қостанай облысы әкімдігі басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназиясы» КММ оқушылары Ангелина Лисовская, Алина Блохина юниорлар санатында (14-16 және 12-14) және гимназия мұғалімдері - Лисовская Галина Иосифовна мен Саканов Серик Маратович қатысты.

Тапсырма 4 модульден тұрды: бұйымның конструкциясына өзгерістер енгізу (ТТ бойынша конструкцияны жобалау), машина жасау өндірісі, механикалық құрастыру және өндіріске арналған сызбаларды әзірлеу, физикалық модель немесе сандық деректер бойынша құрастыру. Жарыс қорытындысы бойынша, Лисовская Ангелина 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатында 3 орын, Блохина Алина 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер санатында 2 орын алды.