Жұмысқа қабылдау

2021 жылғы 28 желтоқсанда Қостанай қаласы әкімінің қатысуымен онлайн форматта жаңа жылдық шырша өтті. А.М. Горький атындағы гимназияның 5 оқушысын қала әкімі Ахметов Кайрат Жумашович  Жаңа 2022 жылмен құттықтады. Жаңа жылдық мерекелік концерттің онлайн көрсетілімінен кейін және Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауынан кейін балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Барлық оқушылар мен ата-аналарды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз, денсаулық, бақыт және амандық тілейміз, әрбір үйде келісім, молшылық пен шаттық орнасын.