Жұмысқа қабылдау

9 мамыр қарсаңында 7 «Б» сынып оқушылары Клавдия Митрофановна және Алексей Николаевич Третьяковтар отбасына  барды. Ардагерлермен кездесу біз үшін Жеңіске қосқан үлесіне ризашылығымызды білдіру мүмкіндігі. Бізді ыстық ықыласпен және ілтипатпен қарсы алды,ал біз шын жүректен гүл шоқтары мен тәттілерді, қолдан жасалған ашық хаттарды, жазған хаттарды сыйладық. Әрине, әдемі өлеңдер оқыдық. Ардагерлердің көз жасын көру және олардың  айтқан тілектері мен ақыл сөздерін есту әсерлі болды!