Жұмысқа қабылдау

 

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмысы аясында және 2023-2024 оқу жылына балалар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі деструктивті мінез-құлық көріністерінің алдын алу бойынша ата-аналар қоғамдастығымен профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ-де онлайн ата-аналар жиналыстары сәтті өткізілді.

Кездесулер тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, балалардың алкогольді, энергетикалық сусындарды, вейптерді және электронды темекілерді пайдалануының алдын алу мәселелері».

Бұл іс-шаралар ата-аналарға құнды білім мен практикалық дағдыларды беріп қана қоймайды, сонымен қатар ата-аналар қауымдастығы мүшелерінің тәжірибе алмасуы және өзара әрекеттесуі үшін ашық алаң жасайды. Мұндай бастамалар білім беру мекемелері мен ата-аналарға білім берудегі қолдауды дамытуға және қазіргі қоғамдағы теріс ағымдардың алдын алуға ықпал етеді.