Жұмысқа қабылдау

Балалардың қараусыз қалуы - ата-аналарың немесе ересектердің тарапынан балаларға қажетті бақылаудың жоқтығынан, немкұрайлылығынан орын алатын қоғамдық  құбылыс.

Балалардың өміріне бірінші кезекте ата-ана жауапты екенін есте ұстап, өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын балаларды қараусыз қалдырмауға тырысқан жөн.

Есіңізде болсын, қайғылы жағдайлардың алдын алу оңай! Балалар әрдайым ойын-сауықтың қауіптілік деңгейін дұрыс бағалай алмайды.

Әрбір ересек адамның міндеті мен жауапкершілігі - баланы сақ болуға, денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуге, өзіне қауіпті жағдайларға жол бермеуге үйрету.

Соңғы уақыттарда балалардың терезеден құлап кетуі, суға батып кетуі, газға улануы, өртке шалынуы, түрлі техникалық жабдықтардан туындайтын қатерлерге шалдығу жағдайы көптеп орын алуда.

Құрметті ата-аналар!

 

  • Баланы үйде жалғыз қалдырмауға тырысыңыз;
  • Бала үйде жалғыз қалатын жағдайда:сіріңке, пышақ, ине, қайшы, үшкір заттар, дәрі-дәрмек, тұрмыстық пайдалану т.б. заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою;
  • Балаларды ет тартқыш, шаңсорғыш, үтік, шәйнек т.б. электр жабдықтарының тоқ көзіне қосылып тұрған жағдайында жалғыз тастамаңыз;
  • Үйдегі барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыз;
  • Терезедегі москиттік торға қатты сенім артпаңыз, арнаулы тор орнатыңыз;
  • Жаз уақыттарында балаларды су айдындарына жалғыз жібермеңіз;
  • Көктем, күз мезгілдерінде балаларды жұқа мұз үстімен жүруіне жол бермеңіз!
  • Балаларды көлікте жалғыз тастамаңыз.

 

Балалар -  біздің басты байлығымыз. Абай болайық!