Жұмысқа қабылдау

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Құрметті оқушылар!

🔔 Жаңа оқу жылы басталды. Балалар мектепке оралды. Демалыстан кейін балаларға жол қозғалысына ерекше көңіл бөлуі қажет: кейбіреулер жол қозғалысының қарқынына үйренбеген, ал кейбіреулер мектепке алғаш рет өз бетімен жол жүретін болады.

🎧📲🙅Құрметті балалар, естеріңізде болсын: жолды тек жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтіп, асықпай және қауіпсіздікке көз жеткізіп өтіңіздер. Мобильді телефонмен сөйлеспей, құлаққаптағы музыкаға алаңдамай, жол қозғалысына толық көңіл бөліңіздер.

👩‍👦Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары ең алдымен баламен бірге оның үйден мектепке дейінгі маршрутын өтіп, жолды қай жерде қауіпсіз кесіп өтуге болатынын, қоғамдық көлік аялдамасына қалай қауіпсіз жетуге болатынын, қай жерлерде ерекше сақ болу қажеттігін түсіндіріп, көрсетуі керек.

🚦🚶Үйден шықпас бұрын, балаларға жол қозғалысы ережелерін күн сайын еске салуды әдетке айналдырыңыздар!

🚉🚶Балалардың киіміне және мектеп рюкзактарына жолда көрінуді қамтамасыз ететін жарық қайтаратын элементтерді қосыңыздар.

🚘🧒Сондай–ақ, балаларды мектепке көлікпен тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған ұстап тұратын құрылғыларды қолдануды ұмытпаңыздар!