
Құрметті ата-аналар, қымбатты балалар!
☀️Көптен күткен жазғы демалыс маусымы басталды. Бұл – таза ауада серуендеп, табиғат аясында демалып, қызықты уақыт өткізетін кезең. Демалыстарыңыз тек жағымды әсер мен қуаныш сыйлауы үшін табиғаттағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Қымбатты балалар, есте сақтаңдар:
🔥 От – ең үлкен қауіп көзі. Ересектерсіз от жақпаңдар, құрғақ шөпті өртемеңдер. Орманда отпен ойнауға болмайды.
♻️ Табиғатты қорғаңдар. Ағаштардың бұтақтарын сындырмаңдар, қоқысты қалдырмай өздеріңмен бірге алып кетіңдер және табиғаттағы жануарлар мен құстарға қамқорлықпен қараңдар.
Бағдардан жаңылмаңдар.
🌳 Ата-аналарыңсыз орманның ішіне кірмеңдер, әрдайым көзге көрінетін жерде және соқпақ жолдармен жүріңдер.
🍄 Сақ болыңдар. Бейтаныс саңырауқұлақтарды, жидектер мен өсімдіктерді ұстамаңдар және жемеңдер – олар улы болуы мүмкін.
🕷️ Кенелер мен жәндіктерден сақтаныңдар (арнайы қорғаныс құралдарын қолданыңдар және жабық киім киіңдер).
Құрметті ата-аналар!