Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Loading...

подробнее

 

Балалардың терезеден құлауының алдын алу – ата-аналар мен педагогтердің басты міндеттерінің бірі. Кішкентай балалар қауіптің деңгейін толық түсіне бермейді, сондықтан терезе жанындағы қарапайым абайсыздық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға:

 

- терезелерді балалардың өздігінен аша алмауын қамтамасыз ету;

- терезе алдына орындық, үстел және басқа жиһаздарды қоймау;

- баланы ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмау;

- москит торларына сенбеу, өйткені олар баланың салмағын көтеруге арналмаған;

- балаларға терезеге жақындаудың және терезе алдына шығудың қауіпті екенін түсіндіру ұсынылады.

 

Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Қарапайым сақтық шаралары баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.