Жұмысқа қабылдау

21.09.23. 9, 10 сынып оқушыларына арналған гимназияда Қазақстан Республикасының жастары арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында "ҚР-дағы жалған діни ағымдар" тақырыбында дәріс өткізілді. Қостанай облысы әкімдігінің, Дін істері басқармасының облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ІІМ Қостанай Академиясының оқытушысы Д. Е. Абенов аса қауіпті діни - саяси экстремистік ұйымдар туралы және осы ұйымдардың құрбаны болмау жолдары туралы өте қызықты және түсінікті айтып берді.