Жұмысқа қабылдау

Аттестаттау-2023

Біліктілік санаттарын растауға және арттыруға 25 өтініш берілді.

Бірде-бір педагогқа ПББ қорытындысы бойынша да, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жалпылау нәтижелері бойынша да біліктілік санаты төмендетілген жоқ. Екі педагогта ПББ тапсыру ерекшеліктеріне байланысты аттестаттау келесі аттестаттау кезеңіне ауыстырылды.

Аттестаттау-2023  қорытындысы бойынша "Педагог-зерттеуші" 13 санаты, "Педагог-сарапшы" 3 санаты, "Педагог-модератор"7 санаты расталды және берілді.

Гимназияда 122 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 62 педагог-зерттеуші, 18 педагог-сарапшы, 28 педагог-модератор.

Академиялық дәрежелер

2023 жылы гимназияның педагогикалық ұжымы құрамында - ғылыми-педагогикалық бағыттағы 21 магистр.

Зерттеу және эксперименттік қызметке қатысу

ЖҒБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды пилоттық енгізуді курстық даярлықтан өткен, ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы сертификаттары бар 5 мұғалім жүзеге асырады. Олардың жұмыс тәжірибесі қала мұғалімдерінің форсайт-сессиясында жинақталды (наурыз 2023 ж.)