Жұмысқа қабылдау

Экологиялық бағытты іске асыру шеңберінде:

Гимназияның 500-ден астам оқушысы қатысқан "Батарея" акциясында 5 шелек батарея жинады.

Әлеуметтік плакаттар байқауы "Табаныңды бер,досым!", оған 1-6 сынып оқушылары қатысты.

"STEM –микрожасылдарды өсіруге арналған жылыжай"жобасымен экологиялық конкурсқа қатысу.

Еріктілер қозғалысын дамыту аясында еріктілер жасағы егде жастағы адамдарды Жеңіс мерекесімен, зейнеткер педагогтарды Мұғалімдер күнімен құттықтауды ұйымдастыруға қатысты. Олар соғыс және еңбек ардагерлеріне барған кезде шағын концерттер ұйымдастырды. Ерікті оқушылар мектеп жанындағы жазғы алаңда мұғалімдердің көмекшісі болды. 2023 жылы еріктілер қозғалысына барлығы 200-ге жуық оқушы қатысты.

2023 жылы мектеп және мектептен тыс үйірмелер мен спорт секцияларында гимназия оқушыларының  қамтылуы 100% құрады, 24 мектеп үйірмелері мен спорт секцияларында оқушылардың 41% қамтылды ( 2022 жылы 38%)