Жұмысқа қабылдау

2023 жылы 1-4 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиаданың екі туры өтті. Қалалық турда біздің жас гимназистер тамаша нәтижелер көрсетті: 1 орын – 10, 2 орын – 1, 3 орын – 1. Облыстық кезеңде 2 орынды 3 сынып оқушысы Хабибулина Рината, 3 орынды 1- сынып оқушысы Фрейлих Дмитрий иеленді.

2023 жылдың наурыз айында бастауыш сынып оқушыларына арналған "Зерде" Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті, 4 сынып оқушысы Кинай Дильназ III орын алды.

2023 жылдың мамыр айында 5-6 сынып оқушылары үшін Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. 6 сынып оқушысы Байдаулетов Рамазан "Математика"пәні бойынша 1 орын алды.

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада

2023 жылы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 4 кезеңі өтті. Қалалық кезеңге барлығы 80 оқушы қатысты.

1 орын -22, 2 орын – 19, 3 орын-19 адам. Облыстық кезеңге 33 жоғары сынып оқушылары қатысып, 1 орын – 5, 2 орын – 9, 3 орын – 19 адам. Қорытынды кезеңге 7 оқушы өтті, Тен Анита "Қазақ тілі мен әдебиеті"пәнінен 3 орын алды.

8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсы.

2023 жылы 8-11 сынып оқушылары үшін РҒЖК-ның 4 кезеңі өтті. Қалалық кезеңге 15 жобамен 20 гимназист қатысты, қорытындысы келесі :1 орын – 5, 2 орын – 4, 3 орын-2 адам. Облыстық кезеңге 12 жоба қатысып, 1 орын – 5, 2 орын – 1, 3 орын – 3 жоба. Қорытынды кезеңде гимназия оқушылары келесі нәтижелерді көрсетті : Пак Светлана, Хлыстун Анна, 11 сынып - I орын, Якупов Богдан, 11 сынып - II орын, Титова Ангелина, 11 сынып - II орын.