Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

      «Jamназия – балалық шақ аумағы» мектеп жанындағы жазғы алаң – бұл әр күн жарқын әсерлерге, белсенді демалысқа, шығармашылыққа ғана емес, сонымен қатар маңызды өмірлік сабақтарға толы ерекше орта.
     Жазғы демалыс кезінде балалар өз қабілеттерін дамытып, денсаулықтарын нығайтады, командада жұмыс істеуді үйренеді, жаңа достар табады және көптеген жаңалықтар ашады. Әр күн олардың қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейтіп, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады, жауапты шешім қабылдауға және түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз әрекет етуге баулиды.
     «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында алаңда қауіпсіздік бойынша күнделікті нұсқаулықтар, тақырыптық әңгімелер мен «Құқығыңды біл — сенімді өмір сүр!» цикліндегі танымдық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Қызықты әрі қолжетімді форматта балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы білім алып, заңдарды сақтаудың, өзгелердің құқықтарын құрметтеудің және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алудың маңызын түсінеді.
     Ойын тапсырмалары, өмірлік жағдаяттарды талқылау, викториналар мен тәжірибелік жаттығулар балаларға заңның жай ғана ережелер жиынтығы емес, қауіпсіздіктің, әділдіктің және адамдар арасындағы сыйластықтың негізі екенін ұғынуға көмектеседі.
     Біз бүгін алған білімдері балаларымыздың ертең сауатты, жауапты әрі өз елінің лайықты азаматтары болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенеміз.