Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Олар ұжымымызды біріктіріп, ерекше жылылық пен сенімге толы атмосфера қалыптастырады.

Біздің мектебімізде көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан тамаша кәсіподақтық дәстүр бар — ұстаздарымыздың балаларына Аяз ата мен Ақшақардың Жаңа жылдық құттықтауы. Сиқырлы ертегі кейіпкерлері балалардың үйлеріне барып, оларды Жаңа жылмен құттықтап, қуаныш пен ғажайыпқа толы көңіл күй сыйлайды.

Бұл дәстүр — тек құттықтау ғана емес, ол қамқорлықтың, бірліктің, адамгершіліктің айқын көрінісі. Балалардың жүзіндегі шаттықты, ата-аналардың ризашылығын көру — біз үшін үлкен бақыт.

Осындай игі дәстүрлеріміз сақталып, жалғасын таба берсін, ал әрбір үйде Жаңа жыл мейірім мен қуаныш, жылулық пен үміт әкелсін. ✨🎄

Сабақ барысында оқушылар Қазақстан тәуелсіздігінің маңызды кезеңдерімен танысты: Сақ дәуірінен бастап Қазақ хандығының құрылуы, ел үшін күрескен батырлар мен қайраткерлердің ерлігі туралы мәлімет алды.

Оқушылар ата-бабаларымыздың тәуелсіздікті қалай қорғағанын, бүгінгі таңда оны қалай сақтап отырғанымызды және еліміздің болашағын қалай елестететіндерін талқылады.

Сабақ соңында балалар тәуелсіздікті құрметтеу, білім алу және Отанға адал қызмет ету — әр азаматтың басты міндеті екенін атап өтті. Жарқын болашақ өз қолымызда екенін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.

20–21 қараша күндері мектебімізде оқушылардың эмоционалды саулығын нығайту, өз-өзін түсіну және мейірім атмосферасын қалыптастыру мақсатында бірнеше шара өткізілді. Барлық іс-шараларға педагогтар мен оқушылар бірлесіп қатысты.

Жылы лебіздер аллеясы

Оқушылар мен мұғалімдер «тірі аллея» жасап, кірген балаларды жылы сөздермен, күлімсіреп қарсы алды.

Рефлексия: «Бір жылы сөз бір күнді өзгерте ала ма?»

Позитивті аффирмациялар

Әр оқушыға мотивациялық аффирмация таратылды, олар оны оқып, күн бойы қайталады.

Рефлексия: «Бұл аффирмация менің бүгінгі күнімді қалай өзгерте алады?»

Уақыт капсуласы

Оқушылар өз мақсаттары мен армандарын хатқа жазып, жыл соңына дейін сақтайды.

Рефлексия: «Мен қандай болғым келеді?»

Эмоциялар сәті

Кластар фотоколлаждар жасап, позитивті эмоцияларды көрсетіп, достықты бағалады.

Рефлексия: «Біздің сыныбымызды қандай эмоциялар біріктіреді?»

 Қуанышты үзіліс

Музыкалық плейлист, би, шеңбер ойындары арқылы эмоцияларды разрядтау және топтық бірлікті нығайту.

Рефлексия: «Белсенді демалыс маған қандай күш берді?»

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Заң және тәртіп” құндылығын сіңіру мақсатында 5-сынып оқушылары арасында “Лудомания-қауіпті ауру” атты тәрбие сағаты өтті.  компьютерлік ойындарға сақтау үшін

Оқушыларға  компьютерлік және телефондағы ойынға құмарлық оның адам өмірі мен денсаулығына зияны туралы ақпарат айтылды. Оқушылар арасында тақырып аясында пікір алмасып өз ойларымен бөлісті.  Лудомания адам өміріне қауіпті екені, одан аулақ болу қағидалары түсіндірілді

Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдерге жауапкершілік, өз-өзін бақылау дағдыларын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.

 #Лудомания #ОйынғаТәуелділік #БалалардыҚорғау #Жауапкершілік #ӨзінБақылау #ҚұқықтықСауаттылық #СалауаттыӨмірСүру #МектепІсШарасы #АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп

Бастауыш сынып оқушылары табиғатқа шыққанда қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ауа райы жағдайларын ескеруді және күтпеген жағдайларда сабыр сақтауды ұмытпауы керек.

Саналы мінез-құлық өзімізді де, жанымыздағы адамдарды да қорғауға, сондай-ақ табиғатты таза әрі ұқыпты сақтауға көмектеседі.

Табиғат бізге демалыс пен жаңа әсерлер сыйлайды, сондықтан оған әрқашан ерекше қамқорлықпен қарау қажет.

4 сынып оқушылар арасында «Рөлде абай бол!» және «Еске ал, ойланып көр» сурет конкурсы сәтті өтті!

Балалар жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты өз шығармашылығын көрсетті, ойларын білдірді. Әрбір сурет – жолда сақ болудың маңызды екенін еске салатын ескертпе.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

#помниизадумайся #безопасностьначинаетсястебя

3-сыныптарда «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз!» атты танымдық сынып сағаты өтті. Оқушылар пайдалы тағамдардың сырын біліп, дұрыс тамақтанудың маңызын түсінді.

Қай тағам ағзаға қуат беріп, қайсысы зиян екенін талқылады. Сабақ барысында балалар тамақтану тәртібі туралы әңгімелесіп, таңғы астың және пайдалы тіскебасардың мәнін білді.

Олар тағамдарға байланысты жұмбақтар шешіп, «Денсаулық пирамидасын» құрастырып, пайдалы мәзір ойлап тапты. Соңында барлығы бір ойға келді: дұрыс тамақтану – сергек болудың, денсаулықтың және жақсы оқудың кепілі!