Жұмысқа қабылдау

Қостанайда WorldSkills Kostanay – 2023 кезекті өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

WorldSkills-халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады

3 жастан 22 жасқа дейінгі 300-ден астам жас және өте жас қатысушылар қазылар алқасына өз өнерлерін ұсынады.

Жас мамандар 24 негізгі және 14 қосымша құзыреттілік бойынша үздік атақ үшін жарысады, олардың ішінде "CAD инженерлік графикасы", "Бизнеске арналған IT-шешімдер", "Графикалық дизайн", "Желілік және жүйелік әкімшілік", "Дәнекерлеу технологиялары", "Кондитерлік өнімдер", "Наубайхана шеберлігі" және басқалары бар. Байқауға қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары елордада WorldSkills Kazakhstan – 2023 республикалық чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.

Биылғы жылы "Қостанай автомобиль көлігі колледжі" КМҚК базасында 20-24 сәуір аралығында өткен "CAD инженерлік графикасы" құзыретіне қала колледждері мен мектептерінің балалары қатысты.

Колледж студенттері: ҚИнЭУ, ҚИПК, ҚПЖК, ҚАКК (Дюпин Артем Сергеевич, Аубакиров Руслан, Тулумбаевич, Прокуратов Данил Леонидович, Садчиков Никита Евгеньевич, Лошаев Александр Николаевич, Ельгунусов Ельжан Жансултанович.

Мектеп оқушылары: ГМГ, ФМЛ, №23 ЖББМ (Вялов Владислав Алексендрович, Аубакирова Ясмин Ахметжановна, Барабаш Александр Владимирович, Лисовская Ангелина Андреевна, Суворов Александр Сергеевич, Лещенко Никита Владимирович, Кашук Ростислав Николаевич, Трефилов Сергей Сергеевич).