Жұмысқа қабылдау

Кәмелетке толмағандардың жалпы орта білім алуға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында гимназияда мектеп жасындағы барлық балаларға жалпы орта білім алу үшін жағдай жасау және жалпы білім беретін мектепте оқу кезеңінде білім алушылардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. 2023 жылғы әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларды әлеуметтік қолдаудың негізгі шаралары:

  1. Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы білім алушылардың тегін ыстық тамағын ұйымдастыру, 14 оқушы.
  2. Қала сыртындағы лагерьде жазғы демалысты ұйымдастыру: 2 оқушы. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер жергілікті және республикалық бюджеттер қаражаты есебінен көрсетіледі.

2021 жылдың сәуір айынан бастап аталған мемлекеттік қызметтер ақпараттық жүйе  "SAKURA: Электрондық мектеп" порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

  1. Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы гимназияның балалар мен жасөспірімдерге жаппай оқыту қорынан материалдық көмек көрсету Нормативтік - құқықтық құжаттарға, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64, 08.08.2022 жылғы №544 жаңа редакцияда Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл өзгерістердің мәні мынада: мектеп оқушыларының ата-аналары, балалардың заңды өкілдері (қамқоршылар, қорғаншылар және т.б.) мемлекеттен қолма-қол ақшалай нысанда – бір балаға 40 567 теңге белгіленген материалдық көмек ала алатын болды (жалпы сомасы 567938 теңге).

Жалпыға бірдей білім беру қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Қордан көмек алу құқығын гимназияның 14 оқушысы пайдаланды.

  1. Жалпы сомасы 135000 теңге болатын 3 оқушыға демеушілік көмек көрсетілді: қалалық әкімдік-100000 тнг., гимназияның педколлективі -20000 тнг., "ФУД" ЖК дүкені-15000 тнг. қосымша мектеп тауарларын сатып алуға ата –анасының қамқорлығысыз қалған отбасылардан шыққан балаларға (ОБПР балалары) -1 адам және АӘК алушы отбасыларға -2 адам.