Жұмысқа қабылдау

               4 сәуірде А.М. Горький атындағы гимназияның 10 "В" сынып оқушылары сынып жетекшісі Шандецкая Нина Николаевнамен бірге Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына барды. Балаларға арналған экскурсияны сыныптың ата-аналар комитетінің мүшесі Жилкибаева Ксения Владимировна ұйымдастырды. Оқушыларға экскурсияны жедел жәрдем станциясының бас фельдшері Стасин Сергей Владимирович және облыстық жедел жәрдем және санавиация станциясының бас дәрігерінің орынбасары Саркисян Давид Саркисович жүргізді. Алғаш рет мектеп оқушылары байланыс орталығынан қоңырау қабылдаудан бастап машинаның шығуына дейін станцияда жұмыс қалай жүзеге асырылатындығымен танысуға мүмкіндік алды.

               Оқушылар жедел жәрдем станциясының ұжымы диспетчерлерден, фельдшерлерден және жүргізушілерден тұратынын білді, жедел жәрдем көлігінің жабдықталуын көрді, медициналық чемодан мен реанимациялық жинақта не бар екенін көрді. Енді балалар жедел жәрдем бригадасының жұмысы қаншалықты маңызды және күрделі екенін түсінді