Бүгін гимназияда, бүкіл елдегідей, Жазғы мектеп жұмысын бастады. 1-8 және 10 сынып оқушылары білім олқылықтарын толықтырып, келесі оқу жылына дайындала алады.
Жазғы мектепте оқу бағаланбайды, үй тапсырмасы және міндетті мектеп формасы болмайды. Жазғы мектеп жұмысы барысында мұражайларға бару, экскурсиялар, викториналар, икемді кесте бойынша қолжетімді және қызықты түрде негізгі пәндер бойынша сабақтар өткізу жоспарлануда.
Жазғы мектепте оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, кітап оқу - балалардың көкжиегін ашады, көкжиегін кеңейтеді, қиялын дамытады.
Сабақ 17 маусымға дейін жалғасады.