Жұмысқа қабылдау

 

1 қыркүйекте гимназияда 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға құрметті қонақтар: Қостанай қаласының әкімі Жүндібаев М.Қ., Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Уразбаева Г.А., сонымен қатар ата-аналар қауымының өкілдері қатысты. Бастауыш мектеп ғимаратының алдындағы алаңға 2000-ға жуық қатысушы жиналды. Жиын жоғары эмоционалды өрлеуде өтті. Құттықтау сөздерін көпшілікке Қостанай қаласының әкімі М.Қ.Жүндібаев, гимназия директоры Г.Т.Дәндібаева, ата-аналар өкілі М.Қ.Жетпібаев жеткізді. Олар оқушыларды тамаша мерекесімен құттықтап, Қазақстанымыздың игілігі үшін жақсы оқудың маңыздылығын айтып өтті. Оқушылар жаңа оқу жылына керемет қуат алып, гимназия мұғалімдеріне көптеген алғыс сөздері жолданды.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!!!