Жұмысқа қабылдау

 

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес. А. М. Горький атындағы гимназияда " Республикам менің " челленджі ұйымдастырылды. Челленджге қатысу үшін Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде оқушылардың «Республика», «Туған елім», «Туған жер» тақырыптарындағы Қазақстан ақындарының шығармаларын жатқа оқуымен бейнероликтер жарияланды, сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары «Қыран елім – Қазақстаным!» атты патриоттық акцияға қатысты. Акция көркем суреттер байқауы бағытында өткізілуде. «Жаңа туристік маршруттар» жобасына 9-сынып оқушылары қатысты. Бұл жоба ақпарат жинау және инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін бағалау, сондай-ақ турмаршруттар каталогтарын әзірлеу бойынша ауқымды жұмысты қамтыды. Іс-шара ең танымал, перспективалы және/немесе туристерді қабылдауға дайын туристік маршруттарды ілгерілету, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту және жақсарту міндеттерін көздейді. 21 қазанда А. М. Горький атындағы гимназияда салтанатты жиын өтті. Бұл күні оқу озаттары марапатталып, «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Мәжіліс залында 10 сынып оқушылары арасында «Мен жаңа Қазақстанның азаматымын!» тақырыбында пікірталас өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымы бар ізгілікті, рухани бай, Қазақстанның лайықты болашақ азаматтарын, өз Отанының патриоттарын тәрбиелеу.