Жұмысқа қабылдау

Жас оқырмандар, білім әлеміне кітаппен аттаныңыз!

А. М. Горький атындағы гимназия кітапханасында бірінші сынып оқушылары үшін "Читалия еліне саяхат" атты кітапхана сабағы өтті. Сабақта балалар көптеген жаңа сөздермен танысты: кітапхана, оқырман, формуляр, абонемент, оқу залы. Кітапханашы ойын түрінде балаларды кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырып, кітаптарды қалай дұрыс таңдау керектігін көрсетті. Оқушылар С.Я. Маршактың "Кітап туралы кітап"өлеңі бойынша мультфильм көрді. Ертегілер викторинасына белсенді қатысты.  «Сары» формулярдың нені білдіретінін және мектеп кітапханасының үздік оқырмандарына ғана берілетінін білді. Сабақта балалар белсенді, зейінді, парасатты болды. Сабақ соңында әр оқушы оқуға кітап алды.

Бірінші сынып оқушыларын құттықтаймыз! Олар мектеп кітапханасының оқырмандары болды!