Жұмысқа қабылдау

Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінде 15 қараша мен 25 қараша аралығында Counter-Strike: Global Offensive ойыны бойынша қалалық киберспорттық турнир өтті. Бұл жекпе-жекте колледждердің командалары кездесті: политехникалық, құрылыс, өндірістік-педагогикалық, қызмет көрсету саласы, педагогикалық, гуманитарлық және А.М. Горький атындағы гимназия.

 Турнирдің мақсаты: ақпараттық технологияларды насихаттау, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, жеңіске деген жігерін дамыту және жастардың бос уақытын ұйымдастыру. Күн сайын жеңіс үшін тартысты күрес жүріп жатты, бұл командалық ойын болды, оның барысында әрбір қатысушы талдау, шешім қабылдау, стратегия құру қабілеттерін көрсетті.

 Құрылыс колледжінің командасы жеңіске жетті. Екінші орын Индустриалды педагогикалық колледжінің командасына бұйырды. Үшінші орын – А.М.Горький  атындағы гимназия командасы.  Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Костанайский индустриально-педагогический колледж с 15 по 25 ноября провёл городской  турнир по киберспорту в игре Counter-Strike: Global Offensive.