Жұмысқа қабылдау

2023 жылғы 16 ақпанда А. М. Горький атындағы гимназияда суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Бірыңғай облыстық жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

Жиналыс аясында екі блоктың жұмы сы жүзеге асырылды: теориялық және практикалық.

Гимназия директоры Дандыбаева Г. Т. балалар мен жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез-құлық қаупі проблемасының өзектілігіне назар аударды. Аутодеструкцияның негізгі себептерінің бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық болып табылатыны, балаларға қатыгездікпен қараудың қауіптілігі баланың физикалық және психикалық денсаулығы бұзылып, оның толыққанды дамуына кедергі келтіретіні атап өтілді.

Педагог-психолог Замащикова Т.Е. өткізген "Қар көшкіні", "Балаларға орынсыз тыйым салу" практикалық жаттығулары ата-аналардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жаттығулар барысында ата-аналар  балалар мен ата-аналар арасындағы қызықты мәселелер бойынша диалогқа белсенді қатысты.

Директордың тәрбие работе жөніндегі орынбасарлары М. Н. Смоляная мен Н.К. Карамысов ата-аналарға жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған тәрбие іс-шараларының жүйесі туралы айтып берді. Ұсынылған фото және видео есеп ата-аналардың қызығушылығын тудырды.