Жұмысқа қабылдау

     

2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында гимназияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысына арналған "Парасаттылық сағаты" кезекті акциясы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылы мемлекетке 600 миллиард теңгеден астам қаржыны қайтарды. Сондай-ақ, елде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден астам жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен ақшалай қаражат анықталып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады. Президенттің тапсырмасы бойынша, қайтарылған барлық активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады. Акция аясында сынып сағаттарында 9-11 сынып оқушыларының талқылаумен бейнеролик көруі ұйымдастырылды.

https://www.youtube.com/watch?v=8xgKJTbRckc&t=1098s