Жұмысқа қабылдау

Құрметті ата-аналар!

 Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылдың 19 сәуірінде қаланың білім беру жүйесінде қаланың білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша Бірыңғай ашық есік күні өтетінін еске салады.

 Іс шара барысында  сіздің сұрақтарыңызға жауап береді:

- Қостанай қаласының білім бөлімінің басшысы Г. Ә. Уразбаева;

- білім бөлімінің мамандары;

- қаланың білім беру ұйымдарының басшылары;

- ішкі істер басқармасының қызметкерлері (полиция майоры О. Н. Бабич пен полиция капитаны Г.Н.Бермухамбетова).

19 сәуір сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін сіздерді Алтынсарин көшесі -109-да күтеміз.