Жұмысқа қабылдау

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ 2023 жылғы 17 ақпандағы №223 бұйрығымен мектеп жобаларының қалалық мультимедиялық фестивалінің қорытындысы шығарылды.

Гимназистердің 15 жұмысының  төртеуі  жүлделі орындарға ие болды:

Жумаканов Арсен, «Екі өлшемді және үш өлшемді анимация және модельдеу» номинациясы бойынша І орын, жобасының тақырыбы: «Робот-мина тасығыш», жоба жетекшілері: Лисовский Андрей Владимирович, Лисовская Галина Иосифовна

Лисовская Ангелина, «Екі өлшемді және үш өлшемді анимация және модельдеу» номинациясы бойынша І орын, жобасының тақырыбы: «Жастар сарайы», жоба жетекшілері: Лисовский Андрей Владимирович, Лисовская Галина Иосифовна.

Касимова Аружан, «Екі өлшемді және үш өлшемді анимация және модельдеу» номинациясы бойынша II орын, жобасының тақырыбы: «Робот-көмекші», жоба жетекшілері: Лисовский Андрей Владимирович, Лисовская Галина Иосифовна.

Литвинова Екатерина, «Екі өлшемді және үш өлшемді анимация және модельдеу» номинациясы бойынша ІІІ орын, жобасының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі», жоба жетекшісі: Саканов Серик Муратович.

2023 жылдың наурыз айының басында өтетін облыстық кезеңге I орын алған балалардың жұмыстары жіберіледі.

        Оқушылар мен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз.

        Оларға сәттілік және одан әрі жеңістер тілейміз.