Жұмысқа қабылдау

     

 

Біздің 6 "А" сынып оқушысы Ержанова Алина мен 8 "Б" сынып оқушысы Димухаметова Анастасияны Санкт-Петербург қ. «Айна» ЖЮТ демалыс базасында өткен Junior Skills ашық аймақтық чемпионатының екінші кезеңіндегі жеңісімен құттықтаймыз.

    Қыздар өздерінің жас санатында ойын жарыс трассасына арналған автомобиль шанағының үш өлшемді моделін құруда жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. Бұл үлкен жетістік, себебі қыздар инженерлік үлгілеумен бір жылдан сәл артық айналысады – дәл сонша гимназияда "Болашақ инженерлері"жобасы жұмыс істейді.