Жұмысқа қабылдау

 

«Болашақ инженерлері» жобасы-бұл «Мектеп-ЖОО-Кәсіпорын» жүйесінде алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларға оқыту және өскелең ұрпақты мектеп қабырғасынан техникалық салаға тарту.

Жобаның мақсаты-инженерлік мамандықтың беделі мен сапасын арттыру

Статистика бойынша қазіргі инженерлердің 75% - ы алдағы 5 жылда зейнетке шығады!

1 КЕЗЕҢ - 3D МОДЕЛЬДЕУ

2 КЕЗЕҢ – ПРОТОТИПТЕУ (болашақ объектілердің прототипін дайындау)

«Болашақ инженерлері»  жобасына қатысу

5-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:

1) заманауи автоматтандырылған жобалау инженерлік жүйесінде бұйымдардың 3D-модельдерін жасауды үйрену.

2) виртуалды сынақтар жүргізу, дәл ғылымдарды қатар игере отырып, есептерді орындау.       

3) 3D принтерлерде 3D-модельдерін жасай отырып, өз әзірлемелерін материалдық түрде іске асыру.                                                                                                                                                

4) жобалық және командалық жұмысты меңгеру.

5) әртүрлі қалалар мен елдерден басқа мектептермен бірлескен жобаларды орындау.

6) халықаралық конкурстарға қатысуға құқылы.