2010 жылдан бері Қостанай облысының дарынды оқушылары мен мұғалімдері марапатқа ие болады. Биылғы жылы оның иелері тағы 40 адам болды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов салтанатты жиналысты ашып, Қостанай жастарына көбірек мүмкіндіктер болатынына уәде берді. А.М.Горький атындағы гимназия оқушысы Димухаметова Анастасияға 100 000 теңге сыйақы, естелік мүсіншесі берілді. Сондай-ақ, облыс әкімінің грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды, мұғалімі Лисовская Галина Иосифовна.