Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

            Компьютерлер пайда болғанға дейін әлем қандай болды? Адамдар есептеу, құжаттарды дайындау және ақпаратты қорғау үшін қандай құралдарды пайдаланды? Бұл сұрақтардың жауабын Қостанай қаласындағы А. М. Горький атындағы гимназияның есептеу техникасы музейінен табуға болады.

           Бұл — Қазақстан аумағындағы есептеу техникасының тарихына арналған осындай бірегей мектеп музейі. Музейдің негізін қалауға бастамашы болған әрі алғашқы жәдігерлер қорын сақтаушы — доцент, экономика ғылымдарының кандидаты Николай Вардиашвили.

           Экспозицияда жазу машинкалары, есептеу машиналары, механикалық калькуляторлар мен шифрлау құрылғылары ұсынылған. Әрбір жәдігер өз дәуірінен сыр шертеді және техниканың қарапайым механикалық тетіктерден заманауи цифрлық технологияларға дейінгі даму жолын танытады.

           Музей оқушылардың білім алуында маңызды рөл атқарады. Ол олардың білуге деген құштарлығын, техникалық ойлау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын дамытады. Сонымен қатар қазіргі компьютерлер мен цифрлық жүйелердің ғалымдар мен өнертапқыштардың көпжылдық еңбегінің нәтижесінде пайда болғанын түсінуге көмектеседі.

           Келушілер үшін шолу және тақырыптық экскурсиялар, интерактивті сабақтар, викториналар мен зерттеу кездесулері ұйымдастырылады. Экспонаттарды өз бетінше зерттеп, жинақтаған білімдерін қонақтармен бөлісетін жас музейшілердің авторлық экскурсиялары ерекше қызығушылық тудырады.

           Есептеу техникасы музейі — жай ғана көне құрылғылар жинағы емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын ерекше кеңістік. Ол техникалық мұраны сақтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады және оқушыларға болашаққа саналы көзқараспен қарауға көмектеседі.

Техника өзгереді, ал адамның білімге және жаңалық ашуға деген ұмтылысы өзгеріссіз қалады.

Мектеп музейінің жетекшісі
Ли В. П.