Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

5 «Г» сыныбында жолда жүру ережелері мен оқушылардың қауіпсіздігіне арналған танымдық сынып сағаты өтті.

Оқушылар жол белгілерінің негізгі топтарымен танысып, олардың қандай мағына білдіретінін және жол үстінде дұрыс әрекет етуге қалай көмектесетінін талқылады. Жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтауы, жолдан өткенде мұқият болуы керектігіне назар аударылды.

Сабақтың шығармашылық бөлімінде балалар жол белгілерінің суреттерін салып, тақырыптық қабырға газетін дайындады. 🎨 Бірлескен жұмыс оқушыларға білгендерін бекітіп, жол белгілерін есте сақтауға көмектесті.

Қауіпсіздік күнделікті қарапайым әдеттерден басталады: жолда мұқият болу, ережені сақтау және өз әрекетіңе жауапкершілікпен қарау! 🚶‍♀️🚦

#АдалАзамат #ЗаңМенТәртіп #ЖолҚауіпсіздігі #ЖолЕрежелері #БезопасностьНаДороге #ПДД