Жұмысқа қабылдау

" Алақанымның жылуын қабыл алыңыз". Осындай атаумен 20 қазан күні А.М.Горький атындағы гимназияда дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қолайсыз ауа райы ата-аналар мен оқушылардың игі іске жиналуына кедергі болған жоқ. Бұл жолы ата-аналардың, оқушылар мен мұғалімдердің күш-жігері Ескендір Аяжанға көмек үшін  біріктірілді.

Қолдан жасалған бетбелгілер, түрлі материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары, жиектемедегі кестеленген суреттер, салпыншақ, әрине, кондитерлік өнімдер, тәттілер, тәтті тағамдарды Аяжанмен жылы лебізімен бөліскісі келгендердің барлығы бір сағаттың ішінде сатып алды.

Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына алаңдаушылықтары мен белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс айтамыз!

Жәрмеңкеде түскен ақша Аяжан отбасының өкілдеріне беріледі және Аяжан емделіп жатқан Оңтүстік Кореяға жіберіледі.

Сауығып кет, Аяжан!

Выздоравливай, Аяжан!