Жұмысқа қабылдау

24 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында 8-10 сынып оқушылары арасында «Хорлар шайқасы» байқауының бесінші маусымының бірінші кезеңі өтті. Балалар  қазіргі қазақ эстрадасының әндерін қазақ тілінде орындады. 2 күн: 20 және 24 қазанда өткен бұл байқауға барлығы 13 хор ұжымы, 350-ге жуық қатысушы қатысты. Бұл жарыс гимназияда дәстүрге айналып, бесінші рет өткізіліп отыр. Жыл сайын жаңа таланттар ашылып, жаңа жұлдыздар жарқырайды. Бұл байқау 8, 9, 10 сынып оқушыларының басын қосып, шығармашылыққа жағдай жасайды. Бұл кезеңнің үздіктері: 8 "Г", 8 "Д", 9 "В", 10 "В", 10 "Г" сыныптары. Құттықтаймыз!!