Жұмысқа қабылдау

Бүгін, 2023 жылдың 28 желтоқсанында, 2 -тоқсанның соңғы оқу күнінде гимназия дәстүрлі түрде зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстарда айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоғары сынып оқушыларын құттықтады. Дәстүрлі жиын гимназия залында өтті, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің, Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің, математикалық лингвистика бойынша олимпиаданың қалалық кезеңінің және басқа да зияткерлік конкурстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар және тәтті сыйлықтар – шоколадтар табыс етілді. Гимназистер қала мен облыс деңгейіндегі жарыстардың жеңімпазы атанған футболшылар командасын қатты қошеметпен қарсы алды.

2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында елеулі табыстарға қол жеткізген баршаны тағы да құттықтап, облыстық және Республикалық байқауларға қатысушыларға келесі кезеңде сәттілік тілейміз! Біз барлық жоғары сынып оқушыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және барлығына осындай керемет нәтижелерге жетуді тілейміз!