Жұмысқа қабылдау

2024 жылдың 5 қаңтарында Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық әлеует пен педагогикалық шеберлікті дамыту және қолдау, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізу, педагогикалық мәртебені көтеру.

Олимпиаданың облыстық кезеңінде осы зияткерлік сайыстың қалалық кезеңінде жеңіске жеткен Белицкая Ирина Ивановна 1-ші орынды иеленді. Ирина Ивановнаны жарқын жеңісімен құттықтаймыз, одан әрі табыс тілейміз және "Алтын тұғыр" олимпиадасының соңғы кезеңінде гимназия мұғалімі құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтеріледі деп үміттенеміз!