«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ 1000 КӨШБАСШЫСЫ» ЖОБАСЫ
Бүгін Астанада "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында іріктеуден сәтті өткендерді сертификаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда.
Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 8068 өтінім берілді. Үміткерлер құзыреттілікті бағалау, үш деңгейлі оқыту, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтті.
Барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне 208 кандидат кірді. Горький атындағы гимназия Республикалық кадрлық резервке директордың ОІ жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ромащенко Дмитрий Сергеевич кіргенін мақтан тұтады.
👏👏👏Құттықтаймыз!