27 наурызда гимназия директоры Г.Т. Дандыбаеваның 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар қауымының өкілдерімен есептік кездесуі өтті. Аталған кездесу Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының медиажоспарын орындау аясында Мемлекет басшысының атқарған жұмысы, саясатын іске асыру, білім алушылардың жетістіктері туралы хабардар ету мақсатында өткізілді. Директор өз ақпаратында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы айтты: мысалы, сыныптардың толықтығы туралы. Қазіргі таңда 54 сыныптың 22-сі, яғни 50 пайызында 22-25 оқушы бар. Болашақта, әсіресе бастауыш сыныптардың толымдылығын төмендету бойынша барлық шаралар қабылданатын болады. 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері: жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде гимназияның қоржынында I орын - 6 ; II орын - 9 ; III орын-3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың Республикалық кезеңінде гимназия бойынша физика пәнінен 11 «А» сынып оқушысы А.Уразбаев 3 орынды иеленді.