Жұмысқа қабылдау

30 мамырда Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі және жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларға арналған ғылыми жобалар байқауы өтті. Салтанатты шараға үш жоғары сынып оқушылары қатысты - Уразбаев Алихан, Сержан Ситора және Исағұлова Жасмин. Тәлімгерлері Артем Тимофеевич Москаленко мен Ирина Яковлевна Науменконың жетекшілігімен балалар жүлделі орындарға ие болып, өз мектебін, қаласын, облыстарын Республика деңгейінде тамаша көрсете отырып, жеңіс тұғырын бағындырды. Балалар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтай отырып, оларға табыс пен биік шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз!