Жұмысқа қабылдау

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні (4 маусым) - ұлт бірлігі, ел тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау мерекесі. Кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары адалдықты, сенімділікті, бейбітшілік пен әл-ауқатты, егемендік пен тәуелсіздікті, жоғары мақсаттар мен орнықты болашаққа ұмтылысты, халықтың бірлігі мен Қазақстанның тұрақты дамуын бейнелейтін Елтаңба, Ту, Әнұран болып табылады. Біздің болашағымыз бүгін басталады. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген терең құрметіміздің қайнар көзі екенін әркімнің түсінуі өте маңызды. Біз рәміздерімізді қасиетті түрде құрметтеуге және олардың мағынасын білуге міндеттіміз. Қазақстандық патриотизм-еліміздің ұлылығының сенімді кепілі!

Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілеймін!

 

Құрметпен гимназия директоры

Гульфия Дандыбаева!