Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әдістемелік орталық" КММ жұмыс жоспарына сәйкес ІТ құзыреттіліктерінде педагогтарды жетілдіру мақсатында "Әлеуметтік желідегі педагог"облыстық байқауы өткізілді. Байқауға қатысуға 17 мұғалім өтінім берді, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дмитрий Сергеевич Ромащенко да бар.
Дмитрий Сергеевичті облыстық байқаудағы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз (1 орын). Өмірде жеңімпаз болуды, тоқтамай жаңа биіктерге жетуді тілейміз.
Біз Сізді мақтан тұтамыз!