Жұмысқа қабылдау

5 сәуір күні гимназия қызметкерлері көктемгі алғашқы сенбілікке жиналды. Ұзақ қыстан кейін төңірек ерекше назар аударуды қажет етті, ұжым әдеттегідей тапсырмаға жауапкершілікпен, ынтамен кірісті.

Таңертеңнен бастап мектеп маңында жұмыс қыза бастады: біреулері тырмамен, біреулері сыпырғышпен қаруланып, енді біреулері қоқыс дорбаларын алып жатты. Бірлескен күш-жігердің арқасында құрғақ жапырақтар, бұтақтар, қыстан қалған қалдықтар жиналды. Көктемнің алғашқы белгілері байқала бастаған көгалдарға, жаяу жүргіншілер жолдарына және гүлзарларға ерекше назар аударылды.

Гимназия ұжымы нағыз командалық рухты көрсетті-әркім өз міндетін білді және жақсы көңіл күймен жұмыс істеді. Жұмыс барысында күлкі, достық әңгімелер мен бір-бірін қолдаудың естіліп жатқаны  өте жағымды әсер қалдырды. Біріге жұмыс жасау оңай және көңілді болды!

Бұл сенбілік сәуір айындағы сенбіліктердің алғашқысы болды. Біздің алдымызда өз аумағымызға қамқорлық жасайтын бір ай бар. Мамыр айына дейін гимназия мен оның айналасындағы барлық кеңістік түрленіп, таза, жасыл және жайлы болады деген сенімдеміз.

Барлық қызметкерлерге белсенді қатысқандары, жұмысы мен қамқорлығы үшін үлкен рахмет! Көктем бізді игі істерге шабыттандырып, өзіміздің гимназиямызға қамқорлық жасауға біріктірсін.