Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Бүгін, 2025 жылдың 25 қыркүйегінде, А.М. Горький атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған іс-шара өтті. Бұл әдеби кеш қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналды.

Іс-шараның мақсаты – ұлы ақынның мұрасын тереңірек танып, оның еңбектерінің жас ұрпақ үшін маңыздылығын арттыру болды. Жиынға оқушылар, ұстаздар және арнайы қонақ – белгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері Ақылбек Шаяхмет қатысты.

Кездесу Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған қысқаша бейнероликпен басталды4. «Ғылым таппай мақтанба» Ахметова Сабина,10 сынып оқушысы, «Әсемпаз болма әрнеге» Венгерский Ян, 9 сынып оқушысы Акимова Алиса, 7 сынып оқушысы «Күз» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Іс-шараның басты бөлімі – Ақылбек Шаяхметпен өткен сұхбат болды. Оқушылар Абай шығармашылығының өзінің шығармашылық жолына қалай әсер еткені, жас ұрпаққа қалдырған өнегесі және «Қара сөздерінің» бүгінгі қоғамдағы өзектілігі туралы сұрақтар қойды. Қонақ Абай мұрасының адамгершілік пен білімнің қайнар көзі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, 10-сынып оқушылары Абайдың 19-шы және 25-ші қара сөздерінен үзінділер оқып, олардың бүгінгі өмірмен байланысын талқылады. Бұл іс-шара ұлт ұстазының мұрасын тереңірек тануға зор мүмкіндік берді.