Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Сабақ барысында оқушылар Қазақстан тәуелсіздігінің маңызды кезеңдерімен танысты: Сақ дәуірінен бастап Қазақ хандығының құрылуы, ел үшін күрескен батырлар мен қайраткерлердің ерлігі туралы мәлімет алды.

Оқушылар ата-бабаларымыздың тәуелсіздікті қалай қорғағанын, бүгінгі таңда оны қалай сақтап отырғанымызды және еліміздің болашағын қалай елестететіндерін талқылады.

Сабақ соңында балалар тәуелсіздікті құрметтеу, білім алу және Отанға адал қызмет ету — әр азаматтың басты міндеті екенін атап өтті. Жарқын болашақ өз қолымызда екенін жеткізді.