Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Олар ұжымымызды біріктіріп, ерекше жылылық пен сенімге толы атмосфера қалыптастырады.

Біздің мектебімізде көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан тамаша кәсіподақтық дәстүр бар — ұстаздарымыздың балаларына Аяз ата мен Ақшақардың Жаңа жылдық құттықтауы. Сиқырлы ертегі кейіпкерлері балалардың үйлеріне барып, оларды Жаңа жылмен құттықтап, қуаныш пен ғажайыпқа толы көңіл күй сыйлайды.

Бұл дәстүр — тек құттықтау ғана емес, ол қамқорлықтың, бірліктің, адамгершіліктің айқын көрінісі. Балалардың жүзіндегі шаттықты, ата-аналардың ризашылығын көру — біз үшін үлкен бақыт.

Осындай игі дәстүрлеріміз сақталып, жалғасын таба берсін, ал әрбір үйде Жаңа жыл мейірім мен қуаныш, жылулық пен үміт әкелсін. ✨🎄