
2026–2027 оқу жылында білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.
Осы бағытта 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыстар өткізіліп, балалардың қауіпсіздігі, құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, психологиялық және эмоционалдық қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.
Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы қауіп белгілерін ерте анықтау, балаға дер кезінде қолдау көрсету және қауіптің алдын алудағы ата-ананың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
#БалаларҚауіпсіздігі