Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Гимназиямызда «Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында оқушылармен кездесулер өтіп, балалар «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуға шақырылды.

 

Кездесуде 9 «В» сынып оқушысы, «Кітап оқитын ұлт» жобасының белсенді қатысушысы әрі мектеп парламентінің өкілі Жантасова Малика оқырмандық тәжірибесімен бөлісті. Ол өзінің кітап оқуға қызығушылығы туралы әңгімелеп, қатарластарын жаңа шығармалармен танысуға шақырды.

 

Кездесулерде кітап оқудың пайдасы туралы әңгіме өрбіді. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, ақпаратты саралауға, өз пікірін қалыптастыруға үйретеді. Тұрақты оқу сөздік қорды байытып, ойды сауатты әрі еркін жеткізуге көмектеседі. Ал ұлттық және әлем әдебиетімен танысу арқылы оқушылар халқымыздың мәдени мұрасын тереңірек танып, өзге елдердің рухани қазынасына үңіледі.

 

Кітапқа құштарлық ортақ қызығушылыққа ұласып, білімді, саналы, бірлігі берік ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді.

 

Белсенділік танытып, жобаға қызығушылық білдірген оқушыларға алғыс айтамыз!

 

Бірге оқып, бірге ізденейік! Әр кітап жаңа дүниеге жол ашсын! ✨