2021 жылдың 15 ақпанында гимназияда дәстүрлі емес қашықтық форматында 5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың дәстүрлі мектеп туры өтті. 156 оқушы түрлі бағдарламалар бойынша қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, математика, Қазақстан тарихы және биология пәндерінен тест тапсырды. Кейбір оқушылар екі немесе одан да көп олимпиадаларға қатысты, өйткені қай пән өздеріне сәйкес келетінін әлі шешкен жоқ. Барлық қатысушылар гимназияның болашақ олимпиадалық резерві, болашақта бұл балалар жарыстың барлық деңгейлерінде жоғары орындар үшін күресте нағыз олимпиадашы болады деп сенеміз!