
Бүгін 3 «Б» сынып оқушылары демалыс күндерін пайдалы әрі белсенді өткізді. Оқушылар мұз айдынында уақыттарын тиімді ұйымдастырып, денсаулықтарын нығайтып, сергек көңіл-күйге бөленді. Спорт – салауатты өмір салтының негізі. Осындай шаралар балалардың шыдамдылығын арттырып, бір-біріне қолдау көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың жауапкершілігін, тәртіптілігін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталды. Салауатты өмір салтын ұстану – әрбір оқушының жарқын болашағының кепілі!
#АдалАзамат #ЗОЖ #3Бкласс #СалауаттыӨмірСалты #ДемалысПайдалы #Гимназия