Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

11-сынып оқушылары үшін «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.

Талқылаудың негізгі өзегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және оның жастардың дамуына арналған басымдықтары болды. Сынып сағатында келесі мәселелер талданды

 Жаңа Конституция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалай қорғайды

 Неліктен білім, ғылым және инновация мемлекеттің негізгі құндылықтарына айналды

 «Адал азамат» болу нені білдіреді (Заң мен тәртіпті құрметтейтін жауапты азаматтың бейнесі).

Біздің 11-сынып оқушыларымыз үшін бұл жай ғана сабақ емес, Әділетті Қазақстанды құрудағы өз рөлін сезінуге бағытталған маңызды қадам.