
«Адал азамат» жобасы аясында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында «Өзіңмен және өзгелермен үйлесімді өмір сүру», «Қауіпсіз жаз» (жазғы кезеңдегі құқықбұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу), сондай-ақ «Жеке деректер және оларды қорғау жолдары» тақырыптары қарастырылды. Оқушылармен қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және өзара сыйластық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.